Аяқ терісінің қабыршықтануын қалай кетіреді?
Аяқ терісінің қабыршақтануы жайсыздық тудыратыны анық, бірақ бұл косметикалық ақауды кетірудің тиімді тәсілін табу үшін оның ненің салдарынан болғанын анықтап алу қажет. Бұл келешекте мұндай мәселелердің туындамауын қамтамасыз етеді.
Аяқ қабыршақтануының негізгі себептері
Мұндай мәселенің туындауына не себеп? Әрине, қабыршақтану теріге ылғал жетіспегеннен болады. Қыс мезгілінде бөлмені жылытуға қосымша жылу құралдары пайдаланылады. Құрғақ ауа теріге кері әсер етеді, оның бетінен көп мөлшерде ылғал жоғалады. Мұның бәрі су балансының бұзылуына және сезімталдықтың артуына әсер етеді.
Ылғалдандыратын құрылғыларды жиі пайдалану арқылы бұзылған су балансын қайта қалпына келтіруге болады.
Аяқ терісінің құрғақтығы мен қабыршақтануына тағы синтетикалық маталарға деген аллергия себеп болуы мүмкін. Сондықтан мақсатты түрде табиғи материалдардан тігілген киімдерді және аяқ киімдерді таңдаңыз.
Киім мөлшеріне де назар аударыңыз: киім мен аяқ киім еркін қозғалуға кедергі келтірмеуі тиіс.
Жас ұлғаю да терінің қабыршақтануына себеп бола алады, өйткені жас ұлғайған сайын ағзаға қандайда бір микроэлементтердің жетіспеушілігі байқала бастайды. Әсіресе терінің саулығына мырыш пен омега-3 май қышқылдарының пайдасы мол. Ағзаның жалпы саулығына қолайлы әсер ететін дәрумендер мен минералдарды қажетті мөлшерде пайдалана отырып та, осы мәселені шешуге болады.
Аяқ терісінің қабыршақтануы – қышыма немесе экзема, псиориаз, дерматит және тағы басқа тері ауруларының белгісі болуы мүмкін. Егер қабыршақтанумен қатар, тері қышып, дуылдаса, дерматология саласының маманына көрінгеніңіз абзал. Бұл дертті емдеу үшін арнайы емдеу курсын қабылдау қажет болады.
Стресстік жағдайларға жиі ұшырағанда және ағзаға шамадан тыс эмоционалды күш түскенде де қабыршақтану пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, емдік шаралары ретінде жүйке-психикалық жағдайды реттейтін құралдарды пайдаланады.
Қабыршақтануды қалай кетіреді?
Аяқ терісінің қабыршақтанғанын байқасаңыз, оның неден қабыршақтана бастағанын нақты анықтау үшін және дұрыс ем қабылдау үшін дәрігерге қаралыңыз.
Егер дерт қандайда бір өнімге аллергиялық реакциядан пайда болса, онда мақсатты түрде ол өнімдерді тұтынудан бас тартқан жөн. Сонымен қатар тұрмыстық химия құралдарына аллергия да терінің қабыршақтанып, тітіркенуіне себеп болуы мүмкін.
Жиі жасалынатын физикалық жаттығулар жайлы да ұмытпаңыз. Жаттығулар кезінде эпителий жасушасында қан айналым жақсарады, бұл да өз кезегінде терінің денсаулығына оң әсер етеді.
Дереккөз: Massaget.kz