Эбола безгегі жайлы не білеміз?

Oinet.kz 04-03-2019 955

486-1476216531-1aba778ef7.jpg

Эбола вирусынан туындайтын вирусты тез таралатын жұқпалы дерт. Клиникалық жағдайлардың 50-90%-ы өлімге алып келетіндігінен оның өте қауіптілігін аңғаруға болады.

Вирустың таралу жолдары:

  • инфекцияға ұшыраған адамның қанымен, және ол адамның бойынан бөлінген басқа да сұйықтықтармен тікелей байланысы;

  • осы дерттен қайтыс болған адамның денесімен тікелей байланысы;

  • ауру жануарлармен байланысы;

  • медицина қызметкерлерінің инфекцияны бақылау және күресу шараларын дұрыс жүргізбеуі.

 

Эбола безгегінің белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;

  • жалпы әлсіздік;

  • бұлшық еттердің ауруы;

  • бас ауруы;

  • тамақ ауруы;

  • жүрек айнуы;

  • диарея;

  • бөртпе;

  • бүйрек қызметінің бұзылуы;

  • бауыр қызметінің бұзылуы.

Инкубациялық кезең 2 күннен 21 күн аралығын қамтиды.  

 Дайындаған: Амангүл Ермекқызы

     Дереккөз : anabol.kz

Ағзадағы қоқыстан қалай арылуға болады?
Жүзгіш сәбилер туралы 10 факт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу