Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Барлық елдерде ата-аналар мен педиатрлар сәбилердің жүзунің артықшылықтары туралы онжылдықтар бойы талқылап келеді. Суда жүзу – бұл көпке белгілі, сәбиді дамытудың тамаша түрі. Әрбір ата-ана уақыт тауып, балаларын суда жүзуге үйретуге ықыласы болуы керек. Мүмкін сәбилерге жүзу нұсқаушысы Елена Ермакованың қызықты фактілері сізге шабыт әкелер?
Жүзумен айналысатын сәбилер құрдастарына қарағанда әлдеқайда дарынды болады. Өзінің өмірінің алғашқы жылы бала неғұрлым белсенді болса, оның миында қалыптасқан жүйке байланыстары жақсы дамиды. Сондықтан, “сәбилер жүзуінің” түлектері кез-келген жаңа нәрселерді тез қабылдап, берілген тапсырмаларды ептілікпен орындайды.
Сәбилер жүзуі тағы несімен қызықтыра алады? Жас жүзгіштер қандай нәтижелерге жетіп отыр?
1. Қазақстанда өмірінің екінші немесе үшінші күні жүзе бастаған балалар бар. Сәбилерге туыла салысымен жүзумен айналысуға болады. Себебі, олар бұған толықтай дайын болады. Олар 9 ай бойы ана құрсағында жүзеді, және олар үшін – ана элементі.
2. ТМД-да алғашқы (бәлкім әлемде) 2014 жылдың қараша айында Алматы қаласында жүзгіш сәбилер арасында жарыс болды. Содан бері олар жыл сайын болып тұрады. Бұл туралы Қазақстандық мамандар Мәскеуде өткен конгресті сөз сөйледі. Артынша қазақстандықтардың ізімен Мәскеу мен басқа да Ресейлік қалаларды осыған ұқсас жарыстар өткізіле бастады.
3. Қазіргі таңда Қазақстанда сәбилер арасындағы жүзуден спорт шеберлігіне үміткерлер саны 23, сәбилер арасындағы жүзуден спорт шеберлері 28, нәрестелер арасындағы жүзуден спорт шеберлігіне үміткерлер 1 және нәрестелер арасындағы жүзуден спорт шеберлері 18.
4. Сәбилер арасындағы жүзуден ТМД чемпионы Варвара Листопадова Алматы қаласында тұрады. Бұл сәби жүзуге 5,5 айлығында қызыға бастаған. Судың астындағы ойыншықтарына жету үшін бассейнің түбіне дейін жеткен.
5. Кейбір Қазақстандық балалар 6 жасында 1 км жүзіп, 3 жасында 35 секунд өз тынысын ұстап, 3 айлығында емін-еркін жүзе алады. Бұл балақайлар әлемдегі барлық курорттардың жұлдыздары екені сөзсіз.
6. Су дені сау бала үшін - көңілді болса, науқас, әлсіз балалар үшін – қажеттелік. Әлсіз балаларға мүмкіндігінше тезірек суда жүзумен айналысу қажет. Суда ауырлық күші төмен болады. Сондықтан, суда жүзу арқылы баланың миы тез дамиды.
7. Суда жүзу ерекше балалар үшін пайдалы. Даун, аутизм, сал ауруы – бұл осы балалар диагнозының толық тізімі болып табылады. Су оларды, күшті, ақылды, неғұрлым белсенді болуына көмектеседі.
8. Көптеген Қазақстандық бапкерлер бассейн клиенттері ретінде келіп, балаларын жүзуге үйретеді. Жүзу арқылы қандай нәтижелерге жетуге болатынын көрген соң, олар өмірлерін өзгертіп жаңа мамандық алды, ал қазір жүзуді басқа балаларға үйретіп келеді.
9. Әке – балалар үшін ең жақсы жаттықтырушылар. Аналар кейде балаларын аяйды, олармен бірге жүзудің өзін жеткілікті деп санайды. Ал әкелер жеңіске ұмтылады. Жарыстардың ең жоғарғы атағын алып жүрген “сәбилер арасындағы жүзуден спорт шебері” көбінше әкелерімен жаттыққан. Олар барынша ерте тұруға тырысады, сағат таңғы 7де бассейнде болып, жұмысқа дейін балаларын жаттықтырып үлгереді.
10. Жүзгіш сәбилер екі жасында ата-аналарынанда жақсы жүзе алады. Көптеген ата-аналар судан қорқады, тіпті, бетін батырғысы келмейтіндерде бар. Олар үшін арнайы семинарлар өткізіліп, жаттығулар жасату арқылы жүзуге үйретеді.
Айтпақшы, кейбір балалар тіпті туылғанға дейін жүзіп бастайды. Болашақ аналар жүзу бағдарламасына жиі барады. Жүзу болашақ аналардың қиналмай босануына септігін тигізеді. Бұл жаттығулардан кейін көптеген әйелдер жұбайымен теңіз саяхатына баруды армандайды.
Дереккөз : anabol.kz