Дәрігер туралы анекдот

Oinet.kz 04-12-2019 2483

Болашақ мал дәрігері болатын студент емтихан тапсыруға барыпты. Сабақта ең бірінші күні ғана болған, дым білмейді. 

— Ағай, – депті емтихан алып отырған профессорға, – шынымды айтайын, мен дайын емеспін, бірақ сізден малға қатысты бір нәрсе сұрайыншы. Жауап берсеңіз, маған «екі» қоясыз, жауап бере алмасаңыз – маған «бес» қоясыз. 

— Малға қатысты мен білмейтін нәрсе жоқ. Бірақ, арманда қалма, сұрағыңды қойып көр. 

— Сұрағым мынау: қойдың етеккірі неге болмайды? 

Screenshot_17.jpg

Профессор бұл сұраққа жауап қата алмай, амалсыз студенке «бес» қойып береді. Емтихан біте салысымен бүкіл кітапхананы, интернетті ақтарады, басқа мамандардан сұрайды. Бір ай өткен соң, қойдың етеккірі неге болмайтынын ақыры біле алмаған профессор студенттің өзінен сұрайды. 

— Ой, ағай, соған да бас қатырып жүрсіз бе? 

— Өлтірсең де, жауабын айтып өлтір.

— Ағай, қойды он төрт жасқа толғанша баққанды қай атаңыздан көрдіңіз?

Ұйқысыз түн. Жаңа Жыл қарсаңындағы шытырман
​Доктор Халел Досмұхамедов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу