Мүшел жас дегеніміз не?

Oinet.kz 01-03-2019 1080

0_1548064020.8213.jpg

Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы Мүшелінде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды. Мүшел жас (9 ай анасының құрсағында нәрестенің жатқаны 1 жыл болып есептеледі, одан кейін 12 жастан қосылып отырады)

1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13 кіреді - 14 шығады

2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25 кіреді - 26 шығады

3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37 кіреді - 38 шығады

4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49 кіреді - 50 шығады

5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61 кіреді - 62 шығады

6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73 кіреді - 74 шығады

7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85 кіреді - 86 шығады

8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97 кіреді - 98 шығады

9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109 кіреді - 110 шығады

10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121 кіреді - 122 шығады.

Дереккөз: kaz.caravan.kz

Өміріңіздің сапасын жақсартатын пайдалы кеңестер
Шоколадтың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу