Мені жұмыстан шығарды. Енді өтемақы төлене ме?
Сұрақ: Мен, осы уақытқа дейін 103 жедел жәрдем бөлімінде кіші медаға лауазымында жұмыс атқардым. Бүгінгі таңда жұмыскерлерге қысқарту жүргізіліп, маған өз еркіммен жұмыстан шығу туралы өтініш жаздырып алды. Енді маған өтемақы төленеді ме?
Жауап: Жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 131 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, жұмыскерлердің саны мен штатының қысқартылуы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.
Сіз сұрағыңызда жұмыстан өз еркіңізбен босату жөнінде өтініш жазғаныңызды мәлімдегенсіз.
Егер Сізбен еңбек шарты өз өтінішіңіз негізінде бұзылған болса, Сізге Кодекстің 96 бабы 2 тармағына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі деген талабы бойынша жыл сайынғы ақы төлентін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері болған жағдайда өтемақы төленуге жатады, бірақ штат санын қысқарту бойынша өтемақы төленбейді.