Декретке шыққан соң орныма басқа адамды жұмысқа алды. Заңды ма?
Сұрақ: Мен, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында жұмыс жасаймын, жүктілігіме байланысты демалысқа шыққан болатынмын. Орныма басқа жұмысшы қабылдаған екен. Енді, жұмысқа қайта шығайын десем, жұмыс беруші орның сақталмаған дейді. Бұл қаншалықты заңды?
Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 100 бабы 4 тармағында бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады делінген.
Сондықтан, Сіз аталған Кодекстің 100 бабы 3 тармағына сәйкес жұмысқа шыққан жағдайда жұмыс берушіге өзіңіздің ниетіңіз туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертіп жұмысқа түсуге құқылысыз.