Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Әлсіздігіңізді тек қана психологтың алдында ғана көрсетіңіз. Сіз әлсіз емессіз тек қана сізге кеңес пен қолдау керек. Кейде адам үш ауыз сөзгеде зар болады. "БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ" Осы сөзді жиі айтыңыз.
Бірде аурухана алдындағы бақ ішіндегі орындыққа екі әйел кісі жайғасып менен рұқсат сұрап отыруға бола ма деді? Мен әрине деп жауап бердім. Менің жаныма отырған кісі ауыр хал үстінде жүргенін құрбысына айтты. Мен естіп отырмын қолымда балмұздақ іштей жаным ашып барады. Танымасам да бір сөз айтқым келді. Дерті асқынған кісіге "Уайымдамаңыз сізде бәрі жақсы болады" — дедім. Ол кісі маған риза болғаны сонша толқып кетті.
Тек қана жылы сөз жүрекке дауа екенін ұмытпаңыздар.
Күлкінің пайдасы да сізді әлсіз болудан аулақ етеді.
Адамың бес минуттық күлкісі жүрек жұмысын жақсартып, адам бойында қанша тамыр болса соның жұмыс істеу жүйесін жақсартады.
Сонымен қатар қан айналу жүйесін жақсартады.
Ал психологтардың айтуы бойынша жанның ауруларын жеңілдетіп сергек болып жүруге көмектеседі.
Сонымен қатар сіздің әдемі күліңіз адамдарға жылулық сыйлайды.
Күліңіз бұл сүннет, тек жақсылықтарға күлімдейік.
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева
Дереккөз : anabol.kz