Шәй туралы не білеміз?

Oinet.kz 28-02-2019 1726

312-1476213691-ca20af1037.jpg

«Тек қазақтар ғана шәй мен шәйдің арасында шәй ішеді» деген елге тарап кеткен анекдот бар. Біз неге шәй ішеміз? Адамдар шәйді алғашында шипалық сусын ретінде іше бастаған. Шәй ішудің әдетке айналуы бұдан көп кейін. Бұл сусыннан өзіңнің денсаулығыңа керегін ғана алуды ойламастан, шәйді әдет бойынша қарынды қампайтқанша бет алды іше беру дұрыс емес. Шәй деген әуел баста медициналық мақсатта қолданылған екен. Мысалы қытайдың халық медицинасында шәйді түрлі жағдайлармен уланғанда ішкен, шәй эмульсиясы ауыр тері сырқатына көмектескен, ауыр дене және ой еңбегімен шаршап шалдыққанда жәрдемдескен, кейінірек шәйдің, әсіресе көк шәйдің, гипертония ауыруына қарсы тамаша емдік зат екені анықталды. Сонымен қатар, шәйдің біз біле бермейтін керемет қасиеттері де бар екен.

Халықтық медицина ұсыныстары

  • Сүт қосқан өте қою ыстық шәй / қант салынған/ есірткімен, емдік дәрілермен және маскүнемдікпен уланғанға қарсы күшті құрал.

  • Қоюлығы орташа жылы шәйді лимонмен, қара бұрышпен және балмен ішкенде тыныс жолдары мен өкпесіне салқын тиген адамның несебін де, терін де қуып шығаратын құрал.

  • Көк шәй мен қара шәйдің салқындаған қою қоспасына жүзімнің құрғақ шарабын аздап/стақан шәйға бір қасық шарап/ араластырса, қастың қабағына салқын тигенде, жас шығаратын қабыққа қиқым түскенде көзді жуатын құрал.

  • Шәйдің жас жапырағының шырыны, шәй эсктраты немесе ұнтақталған құрғақ шәй күйікке қарсы құрал болып табылады.

  • Екіқабат әйелдің жүрегі айнып құсқысы келгенде, автокөлікте шайқалғанда және теңіз «ауыруымен» ауырғанда құрғақ шәйді шайнау керек, ол әлгі әсерлердің барлығын басады.

  • Дененің сыртындағы жараны, сондай-ақ асқазандағы, он екі елі ішектегі жараларды жазу үшін қою қайнатылған көк шәйді ұдайы ішу керек.

Дереккөз : anabol.kz

Шеге туралы тәмсіл
Неге жан ауырса тән ауырады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу