Күн сәтті өту үшін не істеу керек?
Көпшілігіміз үшін таңертеңгі уақыт өте қарбалас өтеді. Орнымыздан тұра сала әлдеқайда асығып, арлы-берлі жүгіру басталады. Әсіресе, балалары бар ата-аналардың бұл «жұмысы» екі есе көп, әрине. Сондықтан да әр күннің басы қиын, жайсыз, әрі жағымсыз уақыт сияқты көрінеді. Десе де, бұл олай емес. Әр таңыңыз қалай басталса, күніңіз де солай өтпек. Сондықтан төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз.күніңіздің сәтті өтуін қадағалаңыз.
Таңертең орныңыздан аман тұрғаныңызға, ұйқыңыздан аман оянғаныңызға шүкірлік етіңіз.
Таңертең қолда барға қанағат қылып, жан-жағындағыларға мейіріммен оянған адамның көңілі толып, бақыты арта түседі.
Әр таңды таза парақтан бастаңыз. Әр күннің өміріңіздің жаңа күні екенін ұмытпаңыз.
Рухани бай адам ғана шынайы қуанышты сезіне алады. Кітапты көбірек оқыңыз. Жанры қандай болса да, бастысы, өз жаныңызға жақынын таңдаңыз. Сонда ғана оқығаныңыз сізге күш беріп, шабыттандырып, күніңіздің тамаша өтуіне түрткі болады.
Таңды неден, қандай істен бастайтыныңызды алдын ала жоспарлауды үйреніңіз.
Ұйқыға жатар алдында таңертең киетін киіміңізді, алатын заттарыңызды, тіпті ішетін асыңызды да дайындап қойғаныңыз абзал.
Әр таң дене жаттығуымен басталғаны жөн. Жаттығу сергектік сыйлайды.
Әдемі әуен көңілді көтереді.
Жақсы жаңалық та күніңіздің керемет өтуіне өз үлесін қосады.
Біреуге қуаныш сыйлау, көмектесу өз қуанышыңызды еселей түседі.
Дереккөз : anabo.kz