Адам ерніне қарап тануға болады

Oinet.kz 26-02-2019 1341

517-1476221205-b8fb59ffec.jpg

Сіз өзіңіз ұнатып жүрген жан болса, онда ерніне үңіліп көріңіз, еріндердің өзгеше ерекшеліктері бар. Бұл психология ғылымының ерекше тарауы болып табылғандықтан сіздерге арналған керек кеңес ретінде ұсынып отырмын. Сіздерге жарап қалар деген үміттемін.

-Қалың томпақ ерінділер - табиғаты соншалық әуесшіл,ынтықшыл,қажырлы,құмартқыш,ғашық болғыш келеді. Олар өте сезімтал жандар.

-Толық томпақ ерінділер - орташа ерін иесінің рахымды,ізгі қылықты,таза мінез-құлықты,сенімді тұлға екенін білдіреді.

-Жұқа ерінділер - өмірге шындық тұрғысынан қарайды,ақылға салып,кесіп-пішеді.Сонымен бірге,олар тәртіпті,жинақылықты ұнатады және алға қойған мақсатына жету үшін керемет табандылық көрсете алады.

-Бантик тектес ерінділер - әртүрлі мәселелерді мейлінше тез шеше алатын аса белсенді адамдардың сипаттамасы.

-Жоғарғы қалың ерінділер - тым намысқор,менмен,өзімшіл адамды көрсетеді.

-Ал жұқа ерінділер - зұлымдық пен қатыгездікке бейім адамда болады.

-Жоғарғы шығып тұратын ерінділер - өзінің ісін талдап,өзі сараптап отыратын және көңіл-күйі тез өзгермелі адамдарға тән.

-Егер жоғарғы ерін төменгі ерінді толығымен қымтап,жауып тұрса - онда сіздің алдыңызда өзіне-өзі сенбейтін, адам болуы мүмкін.

-Төменгі ерінділер - ерекшеленіп, дүрдиіп алға шыға көрінуі-адамның өзімшіл екендігінің және жеке бас өмірінде жолы бола бермейтіндіктең белгісі деп те саналады.

-Көтеріңкі ерінділер - әдетте өте сенгіш келеді.Оларды алдау,бардан-жоққа сендіру өте оңай.

Дереккөз : anabol.kz

Тұтқаға тұнған кірді қалай кетіруге болады?
Христиан діні жөнінде не білесіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу