Христиан діні жөнінде не білесіз?

Oinet.kz 26-02-2019 4844

847-1476213698-0850ae8aca.jpg

Христиан дінінде католиктер мен православие, протестант ағымдары бар екендігін білесіз. Аталған бағыттардың өзара ерекшеліктері туралы не білесіз? Олай болса назарларыңызға қысқаша мағлұмат.

Католицизм (гр. καθολικός – жалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, католиктер – христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі.

Католиктердің діни сенімі православиелік діни сеніммен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.Православие ағымында киелі рух тек Құдай-Әкеден жіберіледі делінсе, католиктердің сенімі бойынша, киелі рух тек Құдай-Әкеден емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі. Католик дінінің шығуы.Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шықты. ІҮ ғ. Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып  бөлінген кезде, Батыс Рим империясының христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.Қазіргі Католицизм ең үлкен, көп елдерге тараған (950 мил. католиктер) Христиан дінінің тірегі. Католик шіркеуі Италия, Австрия, Испания, Португалия, Франция, Белгия, Польша, Славакия, Венгрия, Харватия, Литва, Шығыс Латвия, Латын Америка, США, Украина, Белоруссия және Ресейде бар.Католик  шіркеуінің  ерекшелігі Католик діні қасиетті жазуы мен әулие өсиеттердің жинағына негізделген. Осыған байланысты Құдайдың адамдарға жіберген киелі өсиеттері апостолдар өлгеннен соң тоқтады.  Христостың шәкірттері, бірақ та құдай өсиеті, оны дұрыс түсіну арқылы шәкірттері, бірақ та құдай өсиеті, оны дұрыс түсіну арқылы тереңделіп әрі қарай дами береді. Апостолдардың шәкірттері епископтар, Папа (грек, әке), олар қазіргі Христостың өсиетін дұрыс түсініп, әрі қарай таратушылар. Папа болатын болса ол киелі өсиетті апостол Петрден тікелей қабылдап алып, діни ілімді ешбір бұзбай адамдарға әрі қарай таратады дейді. Сол себепті, католиктер Папаны Иисус Христостың жердегі басқарушысы деп жариялады. 1870 ж. І Ватикан соборында Папа ең басты, бірінші священник ретінде күнәсіз деп табылып, оның шешімі епископтың мақұлдауынсыз-ақ күнәсіз деп  жариялады. Папаның күнәсіздігі туралы қағида католицизм авторитарлық принципті одан әрі нығайтты. Сонымен, католик діні тек киелі кітап ретінде «Библияны» ғана емес, әрбір ірі богославтардың  діни  еңбектерін де киелі есебінде Библиямен қатар қабылдайды.

Православниктер тек қасиетті ілімдер деп канонға кірген киелі жазу мен киелі өсиеттерді ғана мойындайды. Католик ілімі бойынша: адамдардың күнәдан арылу жолы, Құдай жолына түсуі тек шіркеу арқылы. Шіркеуден тыс адамдар күнәдан құтыла алмайды. Тек шіркеудегі әулие адамдар ғана бірінші күнәдан қалай құтылуға болатын жолын біледі. Олар Құдай өсиеттерін терең білетіндер, Құдайдың «Қайырымдылық қорын» қалай қолдануды біледі. Сол бір «Қайырымдылық қорын» адамдарға, олардың күнәлерін жеңілдетуге жұмсай алады. Міне осы түсініктің арқасында Католик шіркеуі филиокве «тазартқыш» (чистилище) деген түсінікті шығарды. Шіркеу ілімі бойынша өлгеннен кейін адамның жаны «тазартқышқа» түседі. Осы кезде жанның жұмақ немесе тамұққа бару мәселесі шешіледі. Осы кезде шіркеу адамдары Құдайдың «Қайырымдылық қорын» қолданып, өлген адамның жанының жұмаққа баруына жәрдем береді. Іс жүзінде өлген адамның жақындары садақа беру оны күнәлардан құтқара алады дегенді уағыздайды. Садақа беру кейіннен  «индульгенцияға» айналып кетті. Шіркеу индульгенция арқылы жанның «тазартқыш» (чистилищеде) болу мерзімін қысқарта алады. Чистилище туралы догмат 1439 ж. Флорентиский  соборында қабылданды да, 1562 ж. Тридентский соборында бекітілді. Никое-Константипольский (325 ж. және 381 ж.) соборында қабылданған басқа, өзге де жан символдық сенім қосымша қабылданды. 589 ж. Толедский соборындағы шешім бойынша Рух Құдай тек әке-Құдайдан емес, бала-Құдайдан да тарайды деп бекітті. Соның арқасында үш мүсінді құдайы біріктіріліп Папаның беделін көтерді, өйткені ол Иисус Христостың жердегі ісін жүргізуші болып саналады.Православ шіркеуі[1] — христиан дінінің негізгі тармағының бірі. 395 ж. Римнің батыс және шығыс империясына бөлінуіне байланысты туындады. Православ шіркеуінің теологиялық негізі Византияда 9 — 11 ғ-ларда қалыптасты. Өз алдына шіркеу ретіндегі бағыты 1054 ж. христиан шіркеуінің католиктік және православтық болып бөлінуіне байланысты айқындалды. Бөлінудің басты себептерінің бірі Рим папасын бүкіл христиандардың бірінші басшысы деп тануы және батыс шіркеуінің киелі рух, әке және бала “құдайлар” жайлы ұғымдарының қайшылығынан туындады. Православ шіркеуі бірнеше автокефальдық шіркеулерден құралады. Ресейде 1448 жылдан орыс православ шіркеуі бар. Діни сенім негізі Інжілге және киелі өсиетке жүгінеді. Негізгі қағидалары Құдайға үштік бірлік тұрғысынан сену. Қазақстандағы христиандардың басым бөлігін православ сеніміндегілер құрайды. Бұл сенімдегілердің дүние жүзіндегі саны 150 млн. шамасында.Православтар христиандардың бір түрі. Православтардың ғұрыпы мен дін оқулары Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі. Қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак және Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин және жапондық). Әрбір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу  анықтайды. Шіркеу басшысын жалпы соборда сайлап, оны кейін дербес шіркеудің патриархасы етіп даярлайды. Константинопльдің патриархы «Әлемдік» деп аталады, бірақ ол басқа шіркеулерге қатынасы жоқ.Әкімдік  жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) және  приход (жергілікті, кішкентай) шіркеуі  болып бөлінеді. Барлық православия шіркеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325 ж.) және Константинопльде (381 ж.) әлемдік соборларда, жетінші Никкей (787 ж.) соборын қоса есептегенде, қабылданған. Православие ілімі негізінен екі жағдайды ақиқат деп түсінеді: христиан догмалары мен Құдайдың адамдарға жіберген шындықтары. Негізнен догмалары: Құдай үш мүсінді (бейнеден) тұрады, Құдайдың адамнан тууы мен күнәні кешіруге болатындығы. Бұл догмалардың мазмұны: Құдай материалдық және рухани түрде өмір сүреді. Оның мәні: Құдай үшеу де болса – біреу: әке Құдай – Савооф, бала Құдай – Иисус Христос және Құдай – Қасиетті рухтан (ол тек әке-құдайдан шығады) тұратын, бірақ бұл үшеуі біртұтас қасиетті үштікті (троицаларды) құрайды. Оның кереметтігі – үшеуі болса да біреулігінде. Әке Құдай ешкімнен еш нәрседен жасалған емес, құдіретті Құдай. Ол бізді қоршаған дүниені, соның ішінде о дүниені де жаратты. Жерден Құдай бірінші Адамды жаратты, оның қабырғасынан Хауа (Ева) бірінші әйелді жаратты. Адамды жарату себебі, олар Құдайды білу, сүю және жалынып мақтау керек, сонда ғана олар бақытты, рахатқа батады. Құдай өз жағынан адамдарға қамқор болады, бәле-жаладан сақтайды, дұрыс жолға салады. Бала Құдай Иисус Христос - өмір-бақи өмір сүретін Құдай. Әке Құдай бала Құдайын адамнан туғызып, адамдарға жіберіп, олардың күнәлерін  өзіне алып, қайта аспанға ұшып кетті, бірақ ол тағы келеді. Үшінші ипостась (үштіктің бірі) – Қасиетті рух-Құдайы. Ол әке-Құдайымен  адамдардың рухани дүниесін жасады, адамдарға Құдай алдында қорқу құдіретін және де тақуалықты, жігерлікті, данышпаншылықты танып білуді үйретті (381 ж.). Константинопль соборына бектілу бойынша қасиетті рух-Құдай  әке-Құдайынан шығады да ақиқат болып есептеледі. Библия кітабы бойынша, Қасиетті рух-Құдайы Христос тірілгеннен соң, 50 күннен кейін апостолдарға от жалыны болып әрқайсысына енеді. Қатардағы христиандармен жалбарына дұға оқу арқылы, жасырын ғажайып істер арқылы «Қасиетті рухпен» байланысуға болады.

 Протестанттық. Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-католиктік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.

Дереккөзі: anabol.kz

Адам ерніне қарап тануға болады
Қыздардың не қалайтынын қалай білуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу