Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шахрат Нұрышевті сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Oinet.kz
Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Тоқаев Шахрат Нұрышевті ҚР-ның Қытай және Корей халық-демократиялық республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарудан босатты.
Ол сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Шахрат Нұрышев 2015 жылдың ақпанынан бері ҚХР-да елші қызметін атқарған.