Президент ауыс-түйіс жасады
Мемлекет басшысының өкімдерімен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне, Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды 24.kz сайты.
Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.