Алматыда 2030 жылы халық саны 5 миллионға жетеді

Oinet.kz 04-10-2019 1049

Картинки по запросу АлматыАлматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 2030 жылға қарай қаладағы халық саны 5 миллионға жетуі мүмкін екенін айтты, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білесіздер, Алматы Қазақстанның іскер астанасы болды және солай қала бермек. Мұнда ЖІӨ-нің бестен бір бөлігі, салықтардың төрттен бір бөлігі, банктердің несие портфелінің 60%, елдің сауда операцияларының 40%-дан астамы қалыптасады. Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші компаниялардың үштен бірі, 30-дан астам трансұлттық компаниялар, банктің бас кеңсесінің 86%, бірлескен ірі халықаралық ұйымдардың 43% Алматы қаласында орналасқан. Бұл - экономикасы 35,6 миллиард долларлық Орталық Азиядағы ең дамыған мегаполис», - деді Бақытжан Сағынтаев Қазақстандық қаржы форумында.

Халықаралық деңгейде Алматы әлемнің 600 қаласына кіреді, олар әлемдік жалпы өнімнің 60%-ын құрайды. Билік алдына ғаламдық қала болуды және өмір сүру сапасы мен экономикалық мүмкіндіктері жағынан үздік 100 мегаполис қатарына енуді мақсат етіп қойды.

«Алматы халқының саны бүгінде 3 миллионға жетіп отыр, 2030 жылға қарай ол 5 миллионға жетуі мүмкін. Әлемдегі көптеген мегаполистер сияқты, біз қоршаған ортаны жақсартудың өзекті мәселелерін шешу, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қауіпсіздікті арттыру, әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымды дамыту үшін ресурстардың жетіспеушілігімен бетпе-бет келеміз. Сондықтан, біз «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты платформаны пайдалануымыз керек. Бұл өте маңызды»,- деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Қолдау шараларына тоқталған әкім Qolday кәсіпкерлік орталығы бизнеске «бір терезе» негізінде мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ ақысыз кеңес беру қызметтерін ұсынады. Almaty Finance және Almaty микроқаржы ұйымы шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие береді, олардың мөлшерлемесі 2% -дан 7% -ға дейін. Almaty Invest компаниясы ірі инвесторларды тартуға көмектеседі. Қазірдің өзінде 1,5 миллиард долларлық бірқатар жобалар анықталды.

«Алматыда қор және тауар биржалары жұмыс істейді. Мен қазақстандық компаниялардың отандық қор нарығына шығуы, бизнесті жүргізудің жаңа деңгейіне және тұрақты дамуға бағытталған кәсіптің сапалы өсуіне әкеледі деп санаймын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, ол қолайлы климаттық жағдайлар мен мемлекеттік қолдау, туризм сияқты экспортқа бағытталған саланы белсенді дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Тау кластерінің бас жоспары әзірленді, жобалар өз инвесторларын күтуде.

Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 5,3 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік қаражаттың ысырап болғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу