7 ай ішінде қазақстандықтардың шетелге аударған қаражатының сомасы 345,5 млрд теңгені құрады

Oinet.kz 17-09-2019 1150

Картинки по запросу Қаражат

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі 369,1 млрд теңгені құраған. Аталған соманың 345,5 млрд теңгесі шетелге, ал 23,6 млрд теңгесі Қазақстан аумағына аударылған, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы шетелден Қазақстанға келген қаражаттың сомасы 203 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың қаңтар-шілдесіндегі сомадан 8,8 пайызға көп. Осы уақыт аралығында шетелге аударылған және шетелден алынған трансшекаралық аударымдар көлеміндегі айырмашылық бір жылдың ішінде 135,8 млрд теңгеден, 142,5 млрд теңгеге дейін артып отыр.

Трансшекаралық аударымдар жасалатын елдер арасында Ресей, Өзбекстан, Түркия және Қырғызстан көш бастап тұр. Мысалы, 7 айдың ішінде қазақстандықтар Ресейге 116,9 млрд теңге аударып, ол жақтан 72 млрд теңге алған. Дегенмен, елімізден көрші елге аударымдар бір жылдың ішінде 8,7 пайызға, ал Қазақстанға аударымдар 23,7 пайызға қысқарған. Ал Қазақстаннан Өзбекстанға 72,1 млрд теңге аударылса, ол жақтан елімізге келген ақша көлемі не бәрі 14,9 млрд теңгені ғана құрайды. Мұнан бөлек, қазақстандықтар Түркияға 47 млрд теңге аударып, 3,8 млрд теңге алса, Қырғызстанға жіберілген қаражат 43,4, ал келіп түскен ақша көлемі 13,4 млрд теңге болды. Қазақстандықтар Корея Республикасынан 32,2 млрд теңге ақша аударымын алған.

Елімізде 2 миллионнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді
Президент: «Біз бәсекеге қабілетті болуды үйренуіміз керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу