ҰҚК: «Отандық бензиннің Ресейге шығуын шектеу қажет»

Oinet.kz 17-09-2019 1092

Картинки по запросу бензин

Қазіргі таңда Қазақстанда жанар-жағармай бағасы Ресейге қарағанда екі есе арзан. ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры, генерал Дархан Ділмановтың мәлімдеуінше, бұл мәселе шешілмесе елімізде де бензин бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жанармай Ресейге көп тасымалдануда. Біз енді жанар-жағармайдың шығарылуына кедергі жасаймыз. Әрине, заңды тасымалға кедергі келтірмейміз. Ал заңсыз болса, шаралар қабылдауға міндеттіміз. Әйтпесе, бізде де бұл тауар түрінің бағасы өсіп кетеді", - деді Дархан Ділманов.

Дархан Ділманов жанармайдың көп сатылып жатқанын көріп, шетелге тасымалды шектегісі келеді.

"Бізде жанармай жетіспеушілігі проблемасы жоқ. Әрине, тауар өтуі тиіс, бірақ қажетті көлемі бізде қалуы керек. Бұл ішкі нарығымызды қамтамасыз ету үшін қажет. Қазір біз тасымалдаушыларды ұстап жатқан жоқпыз. Оларды өткізудеміз. Біз тек жанармайдың көп сатылып жатқанын көріп отырмыз. Білуімізше, жақында сәйкес қаулы шығады. Бұл қаулы бізге жанар-жағармайдың сыртқа шығуын шектеуге мүмкіндік береді. Сол құжатқа үміттеніп отырмыз. Осылайша, біз әсіресе солярка, бензиннің тасымалын шектегіміз келеді", - деді Дархан Ділманов сұхбатында.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдерге оқуға тыйым салынады?
Елімізде 2 миллионнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу