Дәурен Абаев: «Божко – қазақ жерінің нағыз патриоты, бұл шындық»

Oinet.kz 06-09-2019 2233

Screenshot_11.jpg

  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың "тізерлеп рахмет айту" туралы мәлімдемесіне пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған  Oinet.kz.

"Шын мәнінде масылдықты айтқысы келгенін түсінеміз ғой. Тек дұрыс сөз таңдамады. Біріншіден, ол - әскери адам, тіке айтады. Екіншіден, Владимир Карпович еңбекке ерте араласқан, 11-12 жасынан бастап жұмыс істеген. Сондықтан, масылдыққа жаны қас", - деп атап өтті министр "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.

  "Көптеген құтқару операцияларын басқарып, жүздеген қазақстандықты өлімнен құтқарған адамды патриот емес деп айыптауға болмайды. Ол – қазақ жерінің нағыз патриоты, бұл шындық", - деді Дәурен Абаев.

Ол әлеуметтік желі қолданушыларының Божконы патриот емес деп айыптағанын, адамды еңбегіне қарай бағалау қажеттігін атап өтті.

Батырбек Көшербайдың жылдық табысы 5 434 547 теңге
Елде қытайлықтар саны үш жылда үш есеге қысқарған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу