Елде қытайлықтар саны үш жылда үш есеге қысқарған

Oinet.kz 06-09-2019 1410

Картинки по запросу китайские рабочие

Бердібек Сапарбаев Қазақстанда қанша қытайлық жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерімен кездесу барысында былай деді:

«Қоғамда Қазақстан көптеген шетелдік мамандарды тартады деген пікірлер айтылып жүр. Дегенмен ол қате. Үш жылда ҚХР азаматтарының саны үш есеге қысқарды. Егер 2016 жылы елімізде 12,7 мың қытайлық жұмысшы жұмыс істесе, бүгінде 4,3 мың адам бар. Жыл сайын біз олардың санын қысқартатын боламыз, себебі квота Қазақстанда жоқ жоғары білікті мамандарға ғана бөлінеді.»

Сонымен қатар  вице-премьер Қытаймен бірлескен 55-тен астам жобаны жүзеге асыруға 28 миллиард қаражат бөлінетінін хабарлады.

Дәурен Абаев: «Божко – қазақ жерінің нағыз патриоты, бұл шындық»
Мешін жылы Оңтүстікте нендей оқиғалармен есте қалды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу