Елімізде 24 Дариға Назарбаева тұрады
Қазақ жаңа туған нәрестеге ат қойғанда мың ойланып, жүз толғанып барып шешім қабылдайтыны мәлім. Ырымдап есімі елге танымал тұлғалардың, лауазымды азаматтардың атын баласына беріп жататындар аз емес. Есімі ғана емес тегі де ұқсайтындар баршылық. Мысалы, елімізде 24 Дариға Назарбаева тұрады екен. Сөйтіп, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, қазақстандық шенеуніктердің арасында Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның аттасы көп екені мәлім болып отыр. Дариға Назарбаевалар, әсіресе Маңғыстау облысында көп. Еліміздің батысында 7 отбасы қыздарына вице-премьердің есімін берген. Сондай-ақ Алматыда – 5, Оңтүстік Қазақстан облысында – 4 Д. Назарбаева бар. Олардың көбісі 1-13 жас аралығындағы қыздар. Сондай-ақ 48 жастағы Дариға Назарбаева да бар екен.
Ал Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен аттас 11 адам бар. Үкімет басшысымен аттас балалардың көбісі Алматы облысында тұрады. Олар негізінен 1-10 жас аралығындағылар. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Акишевтің есімімен аттас 8 адам бар. Олардың ең кішісі 8 жастағы атыраулық Данияр Акишев. Ал еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен аттас 7 азамат бар екен.
Мұрағаттан, 2016 ж