Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Tengrinews.kz-ке берген сұқбатында Қазақстанда бай болудың тәсілдерімен бөлісті.
"Менің өмірлік тәжірибем адамның өз-өзімен жұмыс істеу қажет екенін көрсетеді. Ол үнемі өзіне қолайлы ортадан шығып кетуі тиіс.
Бұл адамның дамуына, шыңдарды бағындыруға кері әсер етеді. Адамдардың басым бөлігі, бәлкім, әлемнің 90%-ы қолайлы ортадан шыққысы келмейді.
Адамдық жаратылыстың өзі сондай. Олар қиналғысы келмейді. Егер артық бос уақыты бар болса, олар диванда жатып, не болмаса достарымен сыра ішкенді жөн көреді.
Алайда сол уақытты өзін-өзі дамытуға жұмсамайды", - деп жауап берді ол Қазақстанда қалай баюға болады деген сұраққа.
Смайыловтың сөзінше, "қолайлы ортадан шығып, дами алатын адамдар қойған мақсаттарына жетеді" екен.
"Сол себепті, адамның бай болар-болмасы оның өзіне байланысты. Бай болу үшін өз-өзіңмен жұмыс істеу қажет.
Біріншіден, нақты мақсаттар қою керек. Мәселен, кәсіппен айналысып, кішкентайдан бастап өсу қажет. Өзіңнің жетістіктеріңді көбейткен дұрыс. Бақытты болғым келеді деген мақсат қою керек. Сенің отбасың, отбасыңда бақыт, шаттық болу қажет. Ол үшін көп ақшаң болу міндетті емес. Иә, тұратын орның мен күнделікті тамағыңа жететін ақшаң болуы шарт", - деп пікір білдірді Смайылов.