«Таза Қазақстан»: Экологиялық шараға шымкенттіктер белсене қатысуда

Oinet.kz 17-10-2024 71

1.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іск асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық  акциясын шымкенттіктер қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асуда. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Мұның тағы бір дәлелі ретінде Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданында өткен экологиялық іс-шараны айта аламыз. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен тазалық шарасына қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты.

– Халқымыз «Тазалық – саулық кепілі» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Шымкент жасыл желекті, гүлге оранған қала ғой. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер біз Шымкентті жасыл қала деген атына лайық етіп, үнемі таза ұстай білсек, бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді, – деген белсенді жас Қайыржан Бөгенбай қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданында экологиялық іс-шара өтті.

Шымкент қаласының белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен тұрғындар аталған шағын аудан аумағындағы аулаларды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып шықты.

– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сол себепті өзімнің сүйікті қаламды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышым деп білемін, – дейді Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жәйшібеков.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.


Депутат билерге қарсы «соғыс» ашты
Атышулы Хасан қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу