Марат Ахметжанов лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Ержан Сәденов тағайындалды.
Сонымен бірге мұның алдында үкіметте болған құрылымдық өзгерістерге байланысты Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан, Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан, Асхат Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан, Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.