Ердоған сайлауда жеңіске жетті

Oinet.kz 29-05-2023 336

Screenshot_2.png

Түркия президентін сайлаудың екінші кезеңінде іс басындағы президент Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Бұл турал Анадолы агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«99 пайыздан астам дауыстарды санау қорытындысы бойынша президент сайлауының екінші кезеңінде іс басындағы мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті», - делінген Түркия Жоғары сайлау кеңесінің ақпаратында.

Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенердің мәліметінше, 99,43 пайз бюллетеньдерді санау қорытындысымен Режеп Тайип Ердоған – 52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады.

Еске салайық, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі Дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен сағат 17.00-де (Астана уақытымен 20.00-де) жабылды. 

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмадыТүркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.

Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс еді.


Азық-түлік бағасы Астана мен Шымкентте көп қымбаттаған
Кез келген қарулы қақтығыстарды шешуге арналған жауынгерлік мүмкіндігіміз бар - Дәурен Ерханұлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу