Бизнесмендерді мұғалім жеңіп кетсе ше?

Oinet.kz 24-02-2023 1043

19 наурызға белгіленген Мәжіліс пен мәслихат сайлауының ең қызық кезеңі басталды. Өткен сенбіде сайлауалды үгіт-насихат шараларының түңлігі түрілді. Кандидаттардың толық тізімі жария етілді. Бұл жолғы сайлаудың бір жаңалығы – Мәжілістің 30 пайызы, облыстық мәслихаттың 50 пайызы, ал аудан, қалалық мәслихаттар 100 пайыз жеке мандат бойынша жасақталады. 

Screenshot_3.jpg

Мегаполистегі №7 округтағы талас-тартыс күштірек болатын сияқты.  Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы қызметін ұзақ жылдар атқарған, былтыр жұбайына қатысты дау-дамайлардан кейін облыстық мәслихаттағы мандатынан айырылған, бүгінде бизнесмен Жансерік Мұсаханұлы  Мәжіліс мандатына осы округтан таласпақ. Екінші қарсылас – облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, бүгінде тасы өрге домалаған бизнесмен Болатбек Нәжметдинұлының да №7 округтан түсіп жатқанын бұған дейін де жазғанбыз. Жеті кандидаттың ішіндегі жалғыз нәзік жанды – ”Эскулап -Vіta” ЖШС медицина орталығының директоры Динара Акбарова да бар. Яғни ол да оңай шағылар жаңғақ емес деген сөз.  Өмір  деген қызық қой. Осындай қалталылар мен ықпалдыларды тағы бір кандидат – қаладағы  Макаренко атындағы мектептің қарапайым мұғалімі, бірақ қызметі қарапайым демесеңіз, әжептәуір қоғам белсендісі, білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, министріңізді де мойындатқан, есімі жалпы көпшілікке танылған  Өмір Шыныбекұлы жеңіп кетіп, айы оңынан туса... Жаңа Қазақстанның нағыз жаңалығы осы болар еді. Бұл сайлаудан бәрін күтуге болады. Жаңалықтарды жіті қадағалап отырып өздеріңізбен бөлісетін боламыз, мәртебелі оқырман.

Мәслихат сайлауы туралы әңгіме бөлек болады.

"Рейтинг" газеті, ақпан, 2023 ж

Қаныбеков қарсы бағытқа шықты
Түркістанның туризмі күткен үмітті ақтамады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу