Қаныбеков қарсы бағытқа шықты

Oinet.kz 24-02-2023 593

19 наурызға белгіленген Мәжіліс пен мәслихат сайлауының ең қызық кезеңі басталды. Өткен сенбіде сайлауалды үгіт-насихат шараларының түңлігі түрілді. Кандидаттардың толық тізімі жария етілді. Бұл жолғы сайлаудың бір жаңалығы – Мәжілістің 30 пайызы, облыстық мәслихаттың 50 пайызы, ал аудан, қалалық мәслихаттар 100 пайыз жеке мандат бойынша жасақталады. 

Screenshot_2.jpg

Шымкенттегі №6 сайлау округынан Кентау қаласы аппаратының бұрынғы басшысы, бұрынғы облыстық мәслихат депутаты, қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің докторанты Амалбек Өміртай құжат тапсырды. Тоғыз үміткердің арасында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, бүгінде медицина колледжінің директоры Ғалымжан Әбішев, «Шымкент қаласы бойынша халық құрылтайы» жалпыұлттық қозғалысының өкілі Сәкен Қаныбеков бар. Бұған дейін де Мәжіліс депутаты, оның алдын аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары болған Қаныбековтің кімге де болсын оңай қарсылас еместігі айтпаса да түсінікті. «Аманат» партиясы  кандидаттардың арасында «Азаматтарға арналған үкімет» кәсіпорны Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Данабек Исабековке сенім артқан. Күні кеше билік партиясының тізімімен Мәжіліс депутаты атанған,  оның алдында аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары болған Қаныбеков осы жолы қарсы бағытқа шығып, биліктің «батасын» алған кандидатқа бәсекелес болып жатыр. Бұл шенеуніктік тағдыр ма, әлде өмірдің заңдылығы ма, әлде шын мәніндегі «Жаңа Қазақстан» ба, ол жағын өзіңіз біліңіз. Бизнесмендерді мұғалім жеңіп кетсе ше? 

"Рейтинг" газеті, ақпан, 2023 ж

Әлтаев біраз әлек салғалы тұр
Бизнесмендерді мұғалім жеңіп кетсе ше?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу