Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме Ресей тарапының бастамасымен өтті.
“Мемлекет басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтап, елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді. Сондай-ақ, көшбасшылар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады”, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі
Кремль баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан президенті Владимир Путинге 2022 жылғы 26-27 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі ТМД-ның бейресми саммитінде жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты.
Әңгіме барысында отын-энергетика кешенін қоса алғанда, бірқатар өзекті бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Әңгімелесушілер екі елдің үкіметтері мен бейінді құрылымдарының желісі бойынша үйлестіруді жалғастыру туралы уағдаласты.