Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
«...Ломбардқа кім келеді? Айлықтан айлыққа дейін әупірімдеп күн көретіндер келеді. Ал біз оларды бақылауды талап етеміз? Риэлтор да шағын кәсіпкерге жатады. Өз нанын өзі тауып жүр, мемлекетке масыл болып отырған жоқ. Ал біз қазір оларға қатысты мониторинг жүргізіп жатырмыз. Олар сонда жемқорлар болғаны ма?
Ал нағыз жемқорларды бақыла туралы бастамамызға құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Былтыр «Ақжол» партиясы мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық компания басшыларының оффшорлық аймақтарда есеп-шоттарының болуына тыйым салуды талап етті. Бізге мұны әзірге істеуге болмайды деп жауап берді. Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын әзірлеуді ұсындық. Осы заңмен мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік органдарды және ұлттық компанияларды бақылауға болар еді. Олар кейде мемлекеттік сатып алуларды оффшорлық аймақтар арқылы жүргізеді, ал бағалары ішкі нарықтағы бағалардан да қымбат. Нәтижесінде қаржы елден әкетіліп, сонда қалып қояды. Халықаралық сарапшылардың мәліметі бойынша бүгінде оффшорлық аймақтарда қазақстандық азаматтарға тиесілі 140 миллиард доллар қаржы бар. Алайда мемлекет бұл саланы бақылағысы келмейді».
«Ақжол» партиясының төрғасы Азат Перуашевтің осындай мәлімдемесі партияның ресми сайтында жарияланды. Мәлімдеме «Шортан аулаумен де айналысайық» (орысшасында «Давайте разбираться с крупной рыбой» деп аталады, өкінішке қарай, мәтіннің қазақ тіліндегі нұсқасы жарияланған жоқ). Перуашев біраз мәселелерді басын қайырып тастапты. Байқаған болсаңыздар, Парламенттегі саяси партиялардың нені көтеруге болатыны, нені көтеруге болмайтыны жоғарыдан реттеліп отыратын сияқты.
Жалпы соңғы кездері ақжолдықтар батыл мәлімдемелерімен көзге түсіп жүр. Жуырда А.Перуашевтің Білім және ғылым министріне «отставкіге неге кетпейсіз» деп шүйліккені есімізде. Мұның алдын швейцариялық банктерінде құпия шоттары бар қазақстандықтардың аты-жөндерін жариялау керек деген мәселе көтерді. Мұның бәрі нені көрсетеді? Мәжіліс сайлауының жақындап қалғанын ба?
Мұрағаттан, 2015 ж