Білім министрі отставка жөніндегі сұраққа жауап берді

Oinet.kz 28-05-2019 2347

9433332.jpg

Фото: Sputniknews.kz

Өткен аптада мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған ұлттық тестілеу орталығының екі басшысын ұстаған болатын. БАҚ өкілдері білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидиновадан қарамағындағы қызметкерлерінің былығынан кейін отставкаға кетіп-кетпейтінін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бізге мұның мемлекеттік сатып алулармен, қонақүй табу мәселелерімен байланысты екені ғана белгілі. Сондықтан тергеу қорытындысын күтіп отырмыз", - деді Шәмшидинова үкімет кулуарында.

Осыдан кейін журналистер министрден "президент қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаған басшылар отставкаға кетуі керек деген болатын, осыған не айтасыз?" деп сұрады.

"Сіздер білесіздер ғой, менің жұмыс істеп жатқаныма үш ай ғана болды. Сондықтан сіздің сұрағыңыз қаншалықты дұрыс?", - деп қысқа қайырды ведомство басшысы.

Шәмшидинова ҰБТ сұрақтары автоматтандырылғанын, адами факторға тәуелді емес екенін атап өтті.

"Биыл ҰБТ-ның қатаң құпия және әділ өтуіне біз де мүдделіміз. Сіздер білесіздер, ҰБТ сұрақтары мемлекеттік құпия санатына жатады. Сондықтан заң бұзғандар жауапқа тартылады", - деді ол.

Screenshot_1.jpg

Әкім Көкірекбаев соттың төрағасына сес көрсетті
Азат Перуашев нағыз жемқор - шортандарды аулауға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу