Мәжіліс депутаты жалақысының тең жартысы тамаққа кететінін айтты

Oinet.kz 28-05-2019 6001

Screenshot_3.jpg

Фотода Қуаныш Сұлтанов

Мәжіліс депутаттары ет бағасына қатысты тілшілердің сауалына жауап берді. Бүгінде бірқатар халық қалаулысының видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz арнасы.

«Етті көп жейсіз бе? Қанша қаражат жұмсайсыз?» деген сауалға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова «Мен көп жеймін. Қанша жұмсайтынымды санаған жоқпын» десе, оның әріптесі Қуаныш Сұлтанов «Еттің бағасы қымбаттау. Жалақымның жартысы тамағыма кетеді» деп жауап береді. 

Видеоны әлеуметтік желіде тамашалаған кейбір желі пайдаланушысы «Депутаттардың жалақысының жартысы 500 мың теңге. Бұл қарапайым 5-6 отбасының ауқатының қаражаты» деген пікір қалдырыпты. 

Screenshot_1.jpg

Азат Перуашев нағыз жемқор - шортандарды аулауға шақырды
Шымкенттегі жабайы базарлардың артында кімдер тұр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу