Биыл Қазақстан экономикасы өсті - Ұлттық экономика министрі

Oinet.kz 15-11-2022 1450

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыро жылдың 10 айындағы экономикалық көрсеткіштерге қорытынды жасады.

Screenshot_1.jpg

Министрдің айтуынша, қаңтар-қазанда Қазақстан экономикасының өсім қарқыны 2,5 пайыз болды. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,8 % , ал қызмет көрсету саласында 1,6 % болған.

“Оң өсу қарқыны ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларында тіркелді", - деді министр.

Сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 6,7%-ке жеткен.

"Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар көлемі өнеркәсіпте 4,1%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 13,7%, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 7,4%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 14,7%, көлік және қоймалауда – 8,5% ұлғайды", -деді ведомство басшысы

Алматының экс-әкімі: Зейнетақым 130 мың теңге, ештеңеге жетпейді
Тоқаев Алматыдағы пәтер бағасын арзандатудың жолын тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу