Алматының экс-әкімі: Зейнетақым 130 мың теңге, ештеңеге жетпейді
Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов қазіргі алатын зейнетақысының өзіне жетпейтінін айтты. Бұл жөнінде бұрынғы шенеуніктің журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында белгілі болды.
Баталов қазір өзінің 130 мың теңге зейнетақы алатынын айтып, оның ешнәрсеге жетпейтінін мойындаған.
“Зейнетақым 130 мың теңге бәріне жетеді деп айту ұят, әрине жетпейді. Бірақ жиған-тергеніміз бар ғой. Неше жыл әкім болып істеп осындай зейнетақы аламын”, - дейді ол.
Зейнетақысының мөлшеріне шағымданғанымен балаларының түрлі қызметте істейтінін алға тартқан Баталов қаржыдан қатты қиналмайтынын жеткізген.