Зейнет жасы төмендемесе жастар жұмыссыз қалады - сенатор

Oinet.kz 09-06-2022 10812

Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді қолдады. Ол өзінің депутаттық сауалында Қазақстанда орташа өмір сүру жасының 71-ден 70 жасқа дейін төмендеп кеткенін айтты.

Screenshot_9.jpg

"Қазіргі зейнет жасы туралы заңнамаға сәйкес азаматтар 60-63 жасқа дейін жұмыс істесе, келесі ұрпақ жұмыссыз қалуы мүмкін. Азаматтардың көптеген өтініштерін назарға ала отырып, біз әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынамыз", – деді ол. 

Сенатор қазір Қазақстанда 453,1 мың адамның жұмыссыз екенін мәлімдеді. Олардың 9 362-і 15-28 жас аралығындағы жастар. Бұлардың қатарына ЖОО түлектері де қосылады. 

Айта кетейік. бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі қай деңгейде қаралып жатқаны туралы айтқан еді. 

Шетелге кеткен ақшаларды кімдер қайтаратыны белгілі болды
Тоқаев Қазақстанда АЭС салатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу