Тоқаев Қазақстанда АЭС салатын болды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінде Қазақстан атом электр стансасы салынатын жерді белгілегенін айтты.
Президент атом электр станциясының құрылыс алаңының нақты қай жерде орналасқанын нақтыламай, атом энергиясын пайдалану парниктік газдар шығарындыларын азайтудың маңызды факторларының бірі екенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта біз атом электр стансасын орналастыратын жер туралы шешім қабылдадық және әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатырмыз", - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста.