Нұрсұлтан Назарбаев елдің жарқын болашағы үшін референдумда дауыс берді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді.
Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе бойынша дауыс берді", - делінген хабарламада.