«Жазалаймыз!» Бас Прокуратура қазақстандықтарға қатаң ескерту жасады

Oinet.kz 03-06-2022 3551

Осы жексенбі, 5 маусым күні Қазақстанда Ата заңға түзетулер енгізу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлады ведомствоның ресми сайты. 

Screenshot_2.jpg

Бас прокуратура өкілі 4 маусым сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт-насхиат жұмыстарын жүргізу аяқталатынын айтты. 

"Референдум алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда үгіт-насихатқа, оның ішінде қоғамдық сауалнама нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамын жариялауға тыйым салынады", - деді Дембаев. 

Бұл ережені бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға екі рет дауыс беруге немесе басқа сайлаушының орнына дауыс беруге қатаң тыйым салынғанын еске салды. 

Байқоңырда төпелеп жауған жаңбыр елді қуанышқа бөледі (видео)
Нұрсұлтан Назарбаев елдің жарқын болашағы үшін референдумда дауыс берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу