Тоқаевтың тапсырмасын орындамаған вице-министр қызметінен босатылды

Oinet.kz 23-04-2022 3137

Берік Қамалиев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_14.jpg

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Батыс Қазақстан обылысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Берік Қамалиев премьер-министрдің кеңесшісі, көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 

Хабар журналистері «дүйсенбіден бастап жұмысқа шықпаймыз» дейді (видео)
Путин Зеленскийді көре алмай Украинаға соғыс ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу