Хабар журналистері «дүйсенбіден бастап жұмысқа шықпаймыз» дейді (видео)
"Хабар" агенттігінің қызметкерлері дүйсенбіден бастап жұмысқа шықпаймыз дейді. Себебі жалақы мардымсыз. Бірнеше жылдан бері жалақы сол күйі өспей тұр екен. Бұл туралы ақпаратты Серік Абас-шах Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Видеода бір топ телеарна қызметкерлері "Хабар агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиге мұңдарын шағады. Олар отбасыларын асырау керектігін, несиелерін төлеу қажеттігін айтып, мардымсыз жалақылары оған жетпейтінін мәлімдейді. Әсіресе телеарнаның аймақтағы тілшілерінің жағдайы мүлде мүшкіл екен. Сол себепті де олар дүйсенбіден бастап жұмысқа шықпаймыз деп бекініп отырған көрінеді.
Ал көз кезегінде Берік Уәли журналистерге не деп жауап берерін білмей састы.