Путин Зеленскийді көре алмай Украинаға соғыс ашты

Oinet.kz 23-04-2022 1735

Максим Кац:

Путиннің Украинаға соғыс ашуының бір себебі - Зеленскийдің тұлғасы.

Постсоветтік елдерде ескі саясаткерлердің дәурені бітуге таяу, Зеленский - соның символы. Зеленский - болашақтың символы. Болашақтың гүлденуіне жол беруге болмайды, өйткені ол болашақ Путиннің өзі шыға алмай жүрген өткен шақтың күл-талқанын шығарады.

Screenshot_16.jpg

Совет үкіметі құлаған кезде қырықта болған адамдар - ең советский адамдар. Путин совет үкіметі құлағанда қырыққа келіп қалған еді.

Қырық жас деген үлкен өзгерістер жасайтын уақыт емес. Қырық жаста адам орнығып қалады. Қырықтағы адам үйленген, балалары бар, таңдаған мамандығы бар, қартайған әке-шешесі бар, үйі бар, көлігі бар болып келеді. Сондай-ақ, қырықтағы адам жиырма, отыз жасар жастар секілді тез үйреніп, көп жұмыс істеп кете алмайды. 

Екінші жағынан, қырықтағы адам елудегі адам сияқты егде де емес. Көрерімді көрдім, енді немере бағу ғана қалды деп айта алмайды. Демек, қырықтағы адам жаңа заманда жастармен бәсекелсуге кәрі, ал өмір базарынан алыстауға әлі жас деген сөз. 

Бірақ мәселе ода да емес. Мәселе, қырық жаста сен бір жетістікке жетіп қалғаныңда. Сен цехтың бастығы, мектептің директоры, мықты маман болып қалғансың. Путиннің жағдайында КГБ полковникісің. Енді сол сен абыройлы болған әлемің жоқ: карьераң карьера болмай қалды, алған біліміңді ешкім менсінбейді, кеше армандап жүрген ВАЗ-2107 енді таксовать етуге ғана жарайды. Кезінде беделді адам едің, енді жаңа заман саған аянышпен қарайды.

Осы жан жарақатынан әсіресе айыға алмай жүрген адамдар - Путиннің замандастары. Олардың жақсы өмір сүрген елі баяғыда құлап қалған.

Путин Украинаның бұрынғы президенттерімен, сол секілді постсоветтік басқа елдердің де басшыларымен жақсы сөйлесе алады. Олардың бәрі советский адамдар. Олардың бәрі Американы жек көре тұра, сол Америка шығаратын джинсы шалбарды киюді армандаған адамдар.

Зеленский 1995 жылы мектепті бітірген адам. Путин ол уақытта Петербургтың мэры Собчактың қол астында жұмыс істеп жүрген, ал келесі жылында Собчак қайта мэр болу үшін сайлауға қатысып, өтпей қалған. Путиннің жас кезіндегі өмірі - Зеленский үшін әке-шешесінен естіген әңгіме ғана.

Әжептәуір советский функционер болған адам енді Зеленский секілді жас лидерге қарайды да, өзінің дәурені өткенін сезеді. Дәурені өткені былай тұрсын, бүгін болмаса ертең өз елінде осы Зеленский сияқты адам шығып, қанша жылғы еңбегін жоққа шығармақ. Зеленский мен Навальныйдың арасы бір жарым-ақ жас екені де қызық жайт. Ертең осылардың буыны келеді де, халайық, сендерді бәлен жыл телевизор арқылы алдап келді деп лақ еткізеді. Эстония НАТО-ға мүше болды деп уайымдамайық, неге кішкентай ғана, мұнайы жоқ Эстонияда айлық Ресейдікінен үш есе көп деп уайымдайық. Эстонияда жемқорлық деңгейі Бельгиядан төмен, ал Ресейде Анголадан жоғары, осыған алаңдайық дейді.

Путин болашақта басқа ұрпақ келетінін, өмір өзгеретінін осыған дейін ойламады десек те, күні кеше болған Қазақстанды жағдай оны ойландыруы керек еді ғой. Кез келген адал, берілген мұрагердің өзі кез келген Елбасыңды екі аптаның ішінде жоқ қылып жібереді. Ізін де қалдырмайды.

Еліңнен саған қауіпті адам шықса оны қамауға болады, оны қолдайтындарды ұрып-соғып, таратып жіберуге болады. Қысқа мерзімде бұндай тәсіл жеміс береді. Бірақ тура жаныңда тұрған, өзіңнен кейінгі ең үлкен славян елінде жап-жас адам президент болып жатыр. Ол сонысымен-ақ сенің болашағың жоқ екенін айтып тұр.

Сен көп ұзамай жоғаласың. Оған көп уақыт қалған жоқ. Оған саяси жағдай себеп бола ма, табиғи жағдай себеп бола ма, білмеймін. Бірақ сен жоғаласың. Біз өмір сүреміз. Сенің ізіңді де қалдырмаймыз.

Тарихта қалайын деп пе едің? Қаласың. Сегізінші сыныптың балалары сенің Рюриктің тегі туралы айтқан сөздеріңді оқып күлетін болады.

Артыңнан ештеңе қалмайды. Мектептерінің төрттен бірінде жылы дәретханасы жоқ Ресейді қабылдадың, соны қалдырасың.

Бәлен жыл билікте отырған диктаторды бұндай ой шошытпай қоймайды. Сол қорқыныштан құтылу үшін өзінің түбіне жететін болашақты құртуды ойлайды. Бірақ Путин әлі күнге шыға алмай жүрген өткен шақ түгелдей ойдан шығарылғандықтан және ештеңе жарамайтын болғандықтан оның қолынан бұл да келмей қалды. Енді келмейді де.

Арман Әлменбеттің Facebook парақшасынан

Тоқаевтың тапсырмасын орындамаған вице-министр қызметінен босатылды
Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу