Министр суперпрезиденттік пен президенттік басқарудың айырмашылығын түсіндірді

Oinet.kz 19-04-2022 1712

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Әділет министрі Қанат Мусин суперпрезиденттік пен президенттік форманың аражігін түсіндіріп берді. 

Screenshot_1.jpg"Бұрын президентте аудан әкімдерін тағайындау, оларды лауазымнан босату, шешімдерін өзгерту немесе күшін жою өкілеттігі болды. Бірақ бұл президенттің жұмысы ма? Әрине, жоқ. Суперпрезиденттік форма деген осы. Бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін түбіне дейін жетіп, оларды жөндеп отыру – бұл суперпрезиденттік форма. Қазір президент мұндай өкілеттіктерден арылып жатыр. Оны шешетін облыс әкімі, басқару деңгейінің түрлі өкілдері бар. Сол деңгейде шешілуі тиіс. Суперпрезиденттіктен кетіп, президенттік формаға көшу дегеніміз осы. Бұл бір ғана мысалы", - дейді Қанат Мусин. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы наурыз айындағы халыққа жолдауында Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға көшетіндігі туралы айтқан еді. 

Шымкент қаласының бас дәрігері қызметінен кетті
Путиннің «подругасы» президент болуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу