Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Францияда президент сайлауының алдын ала қорытындысы шықты. Екінші турға қазіргі президент Эммануэль Макрон мен оппозиционер Марин Ле Пен өтті. Дәл 2017 жылғы сайлаудағы жағдай қайталанды. Ол жолы Макронның жолы болып еді. Кейбір сарапшылар енді бақ Ле Пеннің басына қонуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Егер Марин Ле Пен президент болса...
Онда Ресейдің асығы алшысынан түсті дей беріңіз.
Марин Ле Пен «Ұлттық майдан» деп аталатын саяси партияның жетекшісі. Алғаш рет президент сайлауына 2012 жылы қатысып, үшінші орын алған болатын.
Ле Пенді орыс тілді ақпарат құралдары Путиннің «подругасы» деп атайды. Себебі Ле Пен Ресейге бүйрегі бұратын саясаткер.
Ол 2014 жылы Қырымның Ресейге қосылуын қолдайтынын, осы жөніндегі рферендумның нәтижесін мойындайтыны мәлім еткен.
-Менің ойымша, референдум қорытындысы ешқандай күдік туғызбайды. Бұл алдын ала күтілген. Қырым халқы өзінің шыққан отанына қайтып оралды,-деген ол Қырымның соңғы алпыс жылда ғана Украинаның жері болғандығын алға тартқан еді. Ле Пен Путиннің саясатын қолдайды. Ол Украинаның Еуроодақта кіруіне қарсылық білдірген саясаткер.
Алғашқы турда кандидаттардың ешқайсысы 50 түгілі 30 пайыз жинай алмады. Бірінші орында Макрон -27 пайыз, ал Ле Пен 23 пайыз дауыс алды. Екінші тур 24 сәуірде өтеді.