Шымкент қаласының бас дәрігері қызметінен кетті
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Жолдасбекұлы Позилов қызметінен кетті. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды.
Бақытжан Позилов бұл шешімін отбасы жағдайымен байланыстырды.
"Менің қызметтен кетуім жеке жағдайым (отбасы мүшелерінің денсаулығы) себеп болып отыр . Жақындарымның денсаулығы менің үнемі көңіл бөлуімді қажет етеді", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Бақытжан Позилов Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын 2020 жылғы күзден бері басқарып келді.