«Тимур Сүлейменовке сөгіс жарияланды» - сыбыс

Oinet.kz 06-04-2022 1399

Тимур Сүлейменовке сөгіс жарияланды. Бұл туралы "Нурсултанский соловей" телеграм арнасы жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

a105393163c9f44151a6d65cc3192caa.jpg

"Нұр-Сұлтанның дәліздерінде президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовке сөгіс жарияланғанын айтып жатыр. Сүлейменовтен бөлек, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен сыртқы саясат кураторы, президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханға сөгіс жарияланды. Әлбетте, бұл сөгіс Сүлейменовтің бір күн бұрын Брюссельде Еуропа телеграф агенттігіне берген сұхбатына және Қазақстанның Украина мәселесіне қатысты ұстанымына қатысты Мәскеудің аң-таң болуына тікелей байланысты" - деп жазылған арнада. 

Еске сала кетейік, Тимур Сүлейменов еуропалық БАҚ-қа берген сұхбатында Украинаның тұтастығын қолдайтынын, Ресейдің ығына аса жығылмайтынын мәлімдеген болатын.

«Жириновский қазақты оятты»
Жамбылға ешкім күтпеген кандидат әкім болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу