«Масқара»: Ресейлік саперлардың мина іздеген видеосы күлкіге қарық қылды (видео)
Желіде ресейлік саперлардың видеосы тарады. Мұнда саперлар мина іздеп жүр. Дегенмен оларды түсіріп жүрген оператор саперлардың алдына шығып кетіп, минадан қорқар емес.

"Алдымен оператор, артынан мина іздеген саперлар. Әрбір видео ӨТІРІК, көбіне оны жай көзбен де көруге болады", - деп жазды Украина тұрғыны Татьяна Заря-Турченко желідегі парақшасында.
Видеоны көрген көпшілік саперлар мен операторды мазақ қылып, күлкілерін тия алмады. Олар ресейлік БАҚ-тар жалған ақпарат таратып, масқарасы шығып жатқанын жазды.


