Украинада соғыс бастау кімге керек?

Oinet.kz 21-02-2022 870

OINET.KZ - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей Украинаға басып кірудің алдында тұр деп хабарлады. Бұған дейін Батыстың саясаткерлері соғыс 16 ақпанда басталады деп еді. Алайда бұл болжам расқа шықпады. Енді олар соғыстың әйтеуір осы аптада басталатынын айта бастады. 

Screenshot_16.jpg

Блинкеннің мәлімдеуінше, Ақ үй ақырғы сәтке дейін екіарадағы текетіресті дипломатиялық жолмен шешуге бар күш-жігер салады. 

-Танктер орындарынан қозғалып, ұшақтар көкке көтерілгенше біз Путинді райынан қайтарудың барлық мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз,-деді Блинкен. 

Ал АҚШ-тың ақпарат құралдары Путиннің әскерилерге Украинаға шабуыл жасау жөнінде тапсырма бергенін хабарлап жатыр. 

Дәл қазір Ресей армиясының командирлері соғыс қимылдарын талқылап жатқанға ұқсайды. Алайда жоспар талқылау соғысты бастау емес, Путин кез-келген уақытта бәрін тоқтатуы әбден мүмкін.

Ал Украинаның басшылары жақын арада ешқандай да соғыс болмайтынын хабарлап жатыр. Елдің Қорғаныс министрі Алексей Резниковтың айтуынша, дәл қазір асығыс болжам жасауға болмайды. 

-Бүгінгі күні шекарада шабуыл жасайды деген әскери топтар жоқ. Сондықтан бүгін, ертең, арғы күні соғыс басталады деп айту қисынсыз,-деді министр. 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков:

-Ресей Еуропада «соғыс» деген сөзді аузына алмаған ең соңғы мемлекет. Естеріңізге саламыз, өз тарихында Ресей ешқашан да өзге елге шабуыл жасаған емес,-деген хатшы соғыстың басталатын уақытын қайта-қайта айта беретін батыстың әрекетін арандатушылыққа балады. 

Осыдан кейін Украинадағы соғысты бастауға кімнің құмбыл болып отырғанын өзіңіз бағамдай беріңіз.

Аркадағ тақтан кетсе де қызметтен кетпейді
Үкімет басшысы журналистердің сұрағына жауап бере алмаған басшыларды сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу