Мырзахметов те қызметінен кетті
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз өкілеттігін тоқтатты.
"Бүгін мен жаңадан сайланған президиумның алдында өз өкілеттігімді тоқтататынымды мәлімдеймін", - деді Абылай Мырзахметов съезде.
Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев төралқа төрағалығынан кеткен еді. Оның орнына бүгін кәсіпкер Райымбек Баталов сайланды. Абылай Мырзахметов 8 жылдан бері палата төрағасы болған.