Алаңға нағыз лаңкестер шықты - Президент
Алматыда алаңға нағыз лаңкестер шықты. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Сұхбат барысында Президент қаңтар оқиғасында митингіге шыққандардың бәрі лаңкес пе деген сұраққа жауап берді.
"Әрине, бастапқыда бейбіт шерулер болды. Мұны бәріміз көрдік. Еліміздің әр аймағында азаматтар алаңға жиналып, өз талаптарын айтты, тіпті, наразылықтарын білдірді. Шынын айтсақ, әуелде ешқандай қирату, қылмыстық әрекеттер болған жоқ. Бірақ, жағдай кейін мүлдем басқа арнаға бұрылып кетті. Арандатушылар мен қарақшылар пайда болды. Олардың шынайы мақсаты бейбіт митингіге қатысу емес, билікке шабуыл жасау болды. Бір сөзбен айтқанда, соңына қарай алаңға нағыз лаңкестер шықты",- деді Президент.