Санжар Боқаев: Бізде лобби мемлекеттен де күшті

Oinet.kz 17-02-2022 638

photo_76746.jpg

Белгілі саясаткер Санжар Боқаев партия құрмақ. Ол  мұндай шешімге үкіметтің нашар жұмыс істейтіні,  жемқорлықтың жаппай жайылуы итермелегенін айтады.

"Біз үміт артып, күтіп шаршадық. Мемлекет естігендей кейіп танытады.   Мәселен, Өзбекстан үкіметіне президент тапсырмасынан кейін ауылшаруашылығы техникасы үшін салықты жойып, қайта есептеуге үш күн ғана жеткілікті болды. Біздің үкімет бір жарым айдан бері утильалым мөлшерін белгілей алмай, блогтур ұйымдастырумен айналысып отыр. Лобби кезекті рет мемлекеттен күшті болып шықты. Сондықтан бізге өз партиямыз керек" дейді саясаттанушы.

Санжар Боқаев уақтысында Алматы қаласы ішкі саясаты басқармасының басшысы, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеген. "Нұр Отан" партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары болған.

ҚазТрансГаз компананиясы экс-басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың, сенат спикері болып тұрғанда Дариға Назарбаеваның кеңесшісі болған.

Соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысады. 


Қазаны ортақтардың қызметі ортақ болмауы тиіс
Алаңға нағыз лаңкестер шықты - Президент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу