Қазаны ортақтардың қызметі ортақ болмауы тиіс

Oinet.kz 17-02-2022 665

2021_12_09_1a0cd4866c595ae0a77b950da72988ea.jpg

Жақын туыстар мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік сектордың құрамында басшылық қызметтерді атқара алады ма? 

 Мәжілістің отырысында депутат Елдос Абақанов осы сауалды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжановқа қойған болатын. 

-Бұл мәселені қарайық. Бірақ бәрін қырып алуға болмайды. Ол үшін басшылық қызметтегі туысқандардың қарым-қатынасын анықтау керек. «Қазаны бөлектің қайғысы бөлек» деген бар. Олар да жұмыс істеуі керек қой. Сондықтан оны жан-жақты қарайық», - деді антикор басшысы. 

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов депутат сұрағын қайта нақтылап өтті.

-Бұл жерде қазаны бір адамдар жайында айтып тұр ғой. Екі ағайынды адам бір мемлекеттік органда екі құрылымдық органды басқарып отырса, дұрыс емес қой. Ол заңда көрсетілмеген. Бұл туралы ұсыныс беру керек, − деді Қошанов.


Мәди Ахмет қаңтар оқиғасында бақилық болғандарға құрбандық шалды (фото)
Санжар Боқаев: Бізде лобби мемлекеттен де күшті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу