Болат Әбілов митингте Назарбаевқа ашықтан-ашық қарсы шықты

Oinet.kz 13-02-2022 3242

Белгілі саясаткер, бизнесмен Болат Әбілов Алматыдағы митингіде өзінің үш талабын алға тартты. Бұл туралы Oinet.kz сайты "Адырна" ұлттық порталына сілтема жасап хабарлайды.

Screenshot_5.jpg

Саясаткер және бизнесмен Болат Әбілов митингте Назарбаевқа қатысты үш басты талапты алға тартты:

Назарбаевтың байлығын халыққа қайтару;

Алматыдағы Назарбаев даңғылын "Қаңтар" даңғылы деп өзгерту;

және Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою.

Дәл қазір Алматыда митинг жалғасуда, онда "Қаңтар қасіреті" кезінде  қаза тапқандардың туыстары мен қоғам белсенділері, сондай-ақ азаматтық белсенділер де бар.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі саясаткер, бизнесмен Болат Әбілов қазақстандықтарды 9 ақпанда  Қаңды оқиғаға 40 күн толуына орай өтетін қаралы митингіге қатысуға шақырған болатын. 

Тоқаев қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың 40 күндігіне орай құрбандық шалды
700 адам қатысып жатыр: Алматыда митинг өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу